Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
желтоқсан
2025

Кәсіби бағдар

15 желтоқсан күні мектебімізге Алматы энергетика және электр техникасы колледжінің өкілдері келіп, 9–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқу бағдарламалары, оқу орнының материалдық-техникалық базасы және студенттердің жетістіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар талапкерлерге қабылдау шарттары мен құжат тапсыру тәртібі түсіндірілді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және техникалық мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру болды. Кездесу оқушылар үшін пайдалы әрі танымдық сипатта өтті.