Бракераж комиссиясы асханасының жұмысына тұрақты түрде бақылауды қамтамасыз ету
Алматы қаласы, Алатау ауданы, №205 ЖББМ асханасына тамақтану сапасын бақылау мониторингі 11.02.2026ж
Алматы қаласы, Алатау ауданы, №205 ЖББМ асханасына тамақтану сапасын бақылау бракераж комиссия мүшелері тексеру жүргізді.
Комиссия құрамында:
Мектеп директоры м.а: Абдрахпанова А.Б
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Таипова А.Р
Әлеуметтік педагог: БерекетА:Е
Мектеп медбикесі: Таубазарова Т.К
Ата-ана комитетінің мүшесі: Мухсинова М.М, Қозыбақова Б
Тексеру барысында асхана жұмысы белгіленген санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сәйкес екені анықталды.Бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын және алдағы күнге мәзірді бекіту, оны асханада және интернет-ресурстарға перспективалық мәзірді мектептік тамақтану бөлімінде орналастыру орындалды.
Сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғары буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталған.
Буфетте талапқа сай тағамдар сатылады.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.

