Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауы
06
қазан
2025

"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауы

Оқушыларымыз «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың республикалық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.


Байқауға Амандықұлы Бексұлтан 7 «Б» сынып оқушысы қатысып, өз жобасын сәтті қорғап шықты. Жоба инновациялық бағытта ойластырылып, қазылар алқасынан жоғары баға алды.


Бұл жетістік – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-техникалық бағыттағы қызығушылығының айғағы. Жетекшілік еткен Кожанова Жанар Ауелбекқызының еңбегін ерекше атап өткен жөн.


Құттықтаймыз!

Оқушыға және жетекші ұстазға алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!