Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «МҰҚАҒАЛИ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»
06
ақпан
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «МҰҚАҒАЛИ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»

2024 жылдың 6 қаңтар күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «МҰҚАҒАЛИ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ», «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу  ұйымдастырылды. LED экраннан Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық еңбектері көрсетілді.
Мақсаты: оқушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру. Ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге үйрету, тәрбиелеу.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.