Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Наурызым – нұрлы ырысым»
19
наурыз
2024

«Наурызым – нұрлы ырысым»

 2024 жылдың 19 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында кітапханашылар «Наурызым – нұрлы ырысым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Кітапханада өткен шараға 4 «Ғ» сынып жетекшісі Шегирова Дина үлкен дайындықпен оқушыларын қатыстырды.
  Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаңғырта отырып еске түсіру, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
  Шара барысында 4 «Ғ» сынып оқушылары ұлттық киімдер киіп келіп халқымыздың ескі әуендерін, би өнерлерін театрландырылған көріністерін жоғары деңгейде орындап шықты. Сонымен қатар оқушылар халқымыздың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін, ойындарын көрсету арқылы көрермендеріне мерекелік көңіл күй сыйлай білді. Мерекелік іс-шара Қызыр атаның ақ ниетті батасымен аяқталды.