Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 23 сәуір – Ұлттық кітап күні
23
сәуір
2025

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

23 сәуір Ұлттық кітап күні қарсаңында №205 жалпы білім беретін мектебімізде «Бірге оқимыз» атты челлендж ұйымдастырылды.

   Топ мүшелері АБАЙ қара сөздер кітабын таңдады. Оқушылар Абайдың қара сөзін бірге оқып, оның мазмұны, кейіпкерлері, негізгі идеясы бойынша талқылау жұмыстарын жүргізді. Талқылау барысы бейнежазбаға түсірілді.  

   Челлендждің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан 8 «А» сынып оқушылары Дабыр Шырай, Іргебай Бағжан, Кадиржанқызы Тамирис сынып жетекшісі Қыдырмоллаева Кундуз Абайхановна ұстазға рахмет айтамыз.

Мақсаты: Абайдың қара сөздерін терең меңгерту, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Ғұламаның қара сөздері арқылы жақсы қасиеттерге баулу, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби талдау дағдыларын дамыту және рухани құндылықтарды дәріптеу.










                 Бірге кітап оқып, рухани дамуға қадам жасайық!