12
қараша
2024
Абайдың қара сөздері



2024 жылдың 12 қараша күні Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абайдың қара сөздері» атты байқау №171 жалпы білім беретін мектеп базасында өтті. Байқауға білім бөліміне қарасты 31 мектептің 5,6 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Абайдың қара сөзін жаттқа айтты. Мақсаты: Абайдың қара сөздерін терең меңгерту, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихы мен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру. Ғұламаның қара сөздері арқылы жақсы қасиеттерге баулу, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.