22
мамыр
2025
Кітаптың көркем әрленуі
№205 жалпы білім беретін мектебі 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты 19-22 мамыр күндері аралығында 1-11 сыныптар бойынша «Кітаптың көркем әрленуі» тақырыбында оқулықтардың сапасын алдын ала тексеру комиссиясы құрылды. Кестеге сәйкес оқушылардың қолындағы оқулықтарға тексеру жүргізіліп, оқулықтарды қалпына келтіру үшін еріктілер жұмыс жасады.
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.










