05
желтоқсан
2025
Адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби
2025 жылдың 5 желтоқсан күні кітапханада «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Әбу-Насыр Әл-Фараби – әлемге әйгілі ойшыл, философ, физик, социолог, математик, туғанына 1155 жыл толуына орай «Адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Бадан Айнұр Зарлықанқызы 8 сынып оқушыларымен әңгімелер циклын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірімен таныстыру. Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке еліміздің білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу.





