07
қараша
2022
«Ақпаратты білгенің, сенің алда жүргенің» тақырыбында мерзімді басылымдарға шолу


2022 жылдың 7 қараша күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі Ж.Ысқақова «Ақпаратты білгенің, сенің алда жүргенің» тақырыбында мерзімді басылымдарға шолу жасады.Газет-бұл қысқа уақыт аралығында шығатын ресми материалдар, жедел ақпарат және өзекті қоғамдық саяси, ғылыми өндірістік және басқа мәселелер бойынша мақалалар, сондай-ақ әдеби шығармалары бар мерзімді басылым.
Журнал әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндірістік және басқа мәселер бойынша мақалалары немесе рефераттары бар мерзімді журнал басылымы. Басылымның осы түрі ретінде ресми түрде бекітілген тұрақты айдары бар әдеби көркем шығармалар.
Баспасөз халықты рухани жағынан байытып, үзіліп қалған байланыстарды жалғайтын, ел мен елдің арасында достық қарым-қатынасты орнату жаршысы болып табылады. Біздің кітапханамызға Республикалық газеттер Егемен Қазақстан, Алматы Ақшамы, Казакстанская правда, Вечерний Алматы, Ана-тілі газеттері келіп түседі.