09
сәуір
2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Мектеп кітапханасы «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» мерекесіне байланысты «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында «Кітап сыйла» акциясын ұйымдастырды. «Кітап сыйла» акциясы аясында 1-4 сынып оқушыларына «Кітап-білім бұлағы» атты кітапханаға саяхат сабағы өтті. Акция барысында 1 Е сынып жетекшісі Майлыбаева Дилда апаймен оқушылары өздері оқыған әдеби кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.
Мақсаты: Оқушыларды көркем әдебиетке баулу, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәнін арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.






