Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шығармашылық интеллигенция Қазақстан балаларына
16
сәуір
2026

Шығармашылық интеллигенция Қазақстан балаларына

     2026 жылдың 16 сәуір күні кітапханада Ұлттық кітап күні онкүндігі аясында «Шығармашылық интеллигенция Қазақстан балаларына» тақырыбында математика пәні мұғалімі  Сүйінбай Үміт 5 сынып оқушыларымен мектебіміздің  көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абильдинов Есбол ағаймен кездесу ұйымдастырды. Есбол ағай  оқулықтар мен ертегі кітаптарына суреттер салған. Ұлытау өңірінің қол өнер шеберлері тізіміне енген. Сонымен қатар Республикалық бірнеше көрмелерге қатысып жүлделі орын иегері атанды. Іс шара барысында оқушылар Есбол ағайдың салған ғажайып суреттерін LED экраннан көріп тамашалады.

    Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйретіп, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.

Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.

Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру, өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.