Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап – рухани қазына»
17
қараша
2022

«Кітап – рухани қазына»

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз жас буынның тәрбиесі мен біліміне аса мән беріледі деген сөз. №205  жалпы білім беретін мектеп ккітапханасының  жас оқырмандарына балалар әдебиеттерін насихаттаудың түрлі жолдарын ұсынудамыз. Балалар жылына орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында  «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектебіміздегі  лаборант Советкан Зарина Азаматқызы өзінің кішкентай кезінде оқыған ертегі кітаптарын өзінен кейінгі жас оқырмандарға оқуға ұсынып, мектеп кітапханамызға сыйға тартты. Сен сыйлаған кітап ортақ қазынамызды толықтырып, жас оқырманға қолжетімді болады деп Заринаға рахметімізді айттық.  Арамызда осындай көркем әдебиеттерді сүйіп оқитын оқырманымызды мақтан тұтамыз.  Сыйға тартқан кітаптар екі тілде.
Кітапхана меңгерушісі: Ысқақова Жанат Бегайдарқызы