Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім тәрбие сағаттары
22
қараша
2022

Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім тәрбие сағаттары

Мектепте тәрбие жоспарына сәйкес Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім атты тақырыпта бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.  Оқушыларға рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Елтаңба,Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет ете білуге, елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында бейне роликтер көрсетілді.
Мемлекеттің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары бар. Ол – елдің шекарасы, астанасы және мемлекеттік рәміздері.
Мемлекет мәртебесін айқындайтын негізгі құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақыт тезіне төтеп беретін дәрежеге көтерілу арқылы қалыптасатыны белгілі. Бұл ретте мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн бір сәтте ғайыптан пайда болмай, сан ғасырларды артта қалдырып, бекіді. Олар – мемлекеттің кешегісін, бүгінін және ертеңін көрсететін айшыққа айналды. Тәрбие сағатында оқушылар дайындап келген өлең, тақпақтарын, баяндамаларын оқып, мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттармен бөлісті. 
«Ерліктің нышаны – ерліктің белгісі» тақырыбында  7«Б», 8«А»,10 «А» сыныптар ортасында  дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өтілген іс шараларға белсене қатысып, білімдерін шыңдады.