«Білім Саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы»
№ 205 жалпы білім беретін мектепте тарих пәні мұғалімі М.Т.Жабаева мектеп ұжымына «Білім Саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы» атты тақырыпта дәріс оқыды. Мектепте 110 мұғалім және 11 техникалық персоналға жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы түсіндірме жұмыс бойынша ақпарат айтылды. Оқу жылының басталуына орай әртүрлі себептермен ақша жинауға жол бермеу туралы бұйрық шығарылып, жиын өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында анонимдік сауалнама жүргізіліп, сауалнама қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс- қимыл әрекеттері анықталмады. Сонымен қатар, ақша жинау фактілерін болдырмау және алдын-алу шаралары бойынша сынып жетекшілер ата-аналарға, оқушыларға видеороликтерді көрсету арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Заңына сәйкес №205 ЖББ мектеп директоры Г.А. Даулетова және мектептің әдіскерлері Н.Ж. Жұбанова және А.Б. Абдырахпанова мұғалімдерді жұмысқа қабылдау барысында конкурс өткізілді. 
