Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұл тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты ұлдар жиналысы
23
ақпан
2023

"Ұл тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты ұлдар жиналысы

2023 жылдың 23 ақпан күні ұл балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің 8-9-10 сынып ұлдарына "Ұл бала - ұлт қорғаны" атты ұлдар жиналысы өтті.  Ұлдар жиналысын мектеп директорының тәрбие орынбасары Ж.Т.Жетенова ашты. Жиналысқа келген Қазақ Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұстазы, Құрмет ордені иегері, профессор Әшірбеков Сағынбек Әшірбекұлы ағамыз оқушыларымызға "Еліміздің болашағы өскелең ұрпақ ертеңгі ер азаматтарының қолында, бүгінгі салауатты, білімді ұрпақ келешегімізді көркейтетін ұлт" -деп атап өтті. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзіндік өмір тәжрибиесімен бөлісті.

Дайындаған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова