05
сәуір
2023
Жас спортшыларымыздың жетістіктері
Күні кеше болып өткен Республикалық дүбірлі доданың ашық турнирінен 2010-2011 жылғы кіші жасөспірімдер арасындағы For Champion's спорт клубында еркін күрестен 39 кг салмақта ереулі күшімен ерекше көзге түсіп,қарсыласына дес бермей қола жүлдені қанжығасына байлай білген №205 ЖББМ 6"Б" сынып оқушылары: Оспан Айбын мен Кабиров Азамат марапатталды! Жеңімпаздар диплом мен қола медаль иеленді! Мектептің бетке ұстар спортшылары тұрақты түрде жаһанның басты спорттық ойындарына қатысып,жүлделі орындар алып келе жатыр.