«Қауіпсіз интернет»
2023 жылдың 4 сәуір күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 4-сәуір халықаралық интернет күніне орай «Қауіпсіз интернет» тақырыбында LED экраннан бейнероликтер, слайдтар көрсетіліп, ақпараттар берілді.
7 «В» сынып жетекшісі Актумбаева Алия, 9 «В» сынып жетекшісі Аманкелдиева Тоғжан оқушыларымен кітапханаға келіп өздеріне қажетті мәліметтер алды. Оқушылар ғаламторға деген тәуелділікті жеңудің 10 жолын талқылады. Қағазға бір апталық кесте сызып, ғаламторға белгілі бір уақытта кіріп, қай уақытта шығуды жазып қойып, апта бойы осы кесте бойынша кіруді дағдыға айналдырса және ғаламтордың ішіндегі барлық нәрсе шын өмірде бар екенің ұмытпаса ғаламторға деген тәуелділікті жеңуге болатынын түсінді.Мақсаты: Бүкіл әлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларға толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.
ЬЬРООРПРПРКККДД,ВАААПжхх444444ффыфыәіәіәііі

