Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті»
11
сәуір
2023

«Қазақстанның тарихы мен мәдениеті»

2023 жылдың 11 сәуір күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті» тақырыбында оқушыларға LED экраннан тарихи-танымдық бейнежазбалар, слайдтар көрсетілді.

Мақсаты:  1. Оқушыларға Қазақстанның мәдени ескерткіштерін таныстыру, олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру.

2. Оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіру. Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

3. Тарихи орындарды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Туған жерлеріндегі мәдени орындарды таныту. Мәдени ескерткіштердің тәрбиелік мәнін ашу.

Қазақстанның мәдени ескерткіштеріне қысқаша шолу жасай отырып, оқушылардан сұрақ жауап алынды.

Қазақстанда қанша ескерткіш бар?

Қазақстан аумағында ежел­ден-ақ дамыған өркениет болғанын дәлелдейтін, тізімге алынған 25 000 ескерткіш бар. Айша Бибі кесенесі – сәулет өнерінің маржаны. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды.

Қазақстандағы ең көне қалалар: Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Отырар, Сығанақ , Тараз, Шымкент, Саудакент.  Соңында оқушылар екі топқа бөлініп , «Отан, Туған жер» туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты.