24
сәуір
2023
Сенбілік: Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда сенбіліктің маңызы зор.
Сенбілік: Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда сенбіліктің маңызы зор.
Таза қаланың тынысы кең. Үрдіске айналған сенбілік қаламыздың, ауламызбен, қоршаған ортамыздың көркеюіне көп үлес қосуда. Бірлігі бекем тұрғындар бұл іске келгенде жұдырықтай жұмылып, білек сыбана кіріседі. Дағдылы игі іс жалғасын тауып, сенбі күні айнала тазалығы үшін деген тілек екі қолға бір күрек ұстатты. Көктем келіп, күн жылысымен № 205 жалпы білім беретін мектеп ұжымы, қызметкерлері аула тазалау бойынша сенбілік өткізілді. Мектеп қызметкерлері, тұрғындармен сенбілікке ат салысты. Мектеп айналасындағы барлық аумақ тұрмыстық қоқыстардан, құрғақ шөптерден, бұтақтардан тазартылып, үлкен жұмыс атқарылды.
Тазалық пен тәртіп егіз ұғым. Яғни, тәртіп бар жерде тазалық болады, ал тазалық болған жерде тәртіптің де жүретіні анық. Сенбілікке ұйымдастырылған тазалық шарасы әдеттегідей арнайы бөлініс кестесіне сәйкес өткізілді. Айналамыздың көркеюі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталмыш шара арқылы тазалық жұмыстарымен қоса, жастарды еңбекке баулу, патриоттық тәрбие беру жұмыстары қатар жүрді. Күн өте ашық, шуақты болды және де, керемет көңіл-күйге ықпал етті. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған мектеп қызметкерлері аумақты ретке келтірді. Барлығы үлкен рухани өрлеумен жұмыс істеді.
Анықтама жазған: Ж.Т. Жетенова
https://www.facebook.com/100084260133203/posts/pfbid0kdY6gHh8iJu7kbysVkomX64PFsNYtwHbpPGYL8DmB5UjpTYu677c2R3hcygd3cRFl/?d=w&mibextid=SDPelY
