26
сәуір
2023
Алматы BALA FEST- 2023 " Жұлдызды сәт" жүлделі орындар
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай "Алматы Балафест" қалалық балалар фестивалі аясында Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында өткен "Жұлдызды сәт" музыкалық байқауына белсенді қатысып,"Вокал өнері" номинациясы бойынша 1 Дәрежелі Дипломмен жеңімпаз атанған №205 ЖББ мектебінің 9"А" сынып оқушысы Мұхаметжан Алтын М.Мақатаевтың сөзіне жазылған "Айтатын саған сырым бұл" атты әнімен қатысушылар мен көрермендерді қоңыр дауысымен тәнті етті. Дәл осындай дәрежемен мектебіміздің шәкірті 6"Ғ" сыныбындағы Ержанқызы Ақнұр В. Цойдың "Кукушка" әнімен қарсыластарынан оза шықты. Сондай-ақ 8"Ғ" сынып оқушысы Дәулеткелді Мақпал С.Ботабаеваның сөзіне жазылған "Жақсы адамдарым" әнімен жүлдемізді 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.






