28
сәуір
2023
Әлем халықтарының билері флешмобы
Әлем халықтарының билері флешмобы
Халықаралық би күні – «барлық биді» біріктіруге қызмет етіп келе жатқан атаулы күн. Бұл өнер түрі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, этникалық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі. Бидің де өзі үні, өз тілі болады. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады.
29 сәуір - Халықаралық би күніне орай, Республикалық флешмоб №205 ЖББ мектептің 10-сынып оқушыларынан құрылған «Мектеп парламенті» мүшелерінің ұйымдастыруымен өтті. Флешмобқа мектебіміздің 6,7,8,9 сыныптарының оқушылары белсене қатысты. 8 Б сынып оқушылары: Қуанышбек С., Берік А., Тыныбекова А, Серік А. үнді биін, 6 Ә сынып оқушысы Сырлыбай А. 6 В сынып оқушысы Залозная К. өзбек биін, 7 Д сынып оқушылары: Сагунова Н., Лосева А., Валитова Я., ұйғыр биін, 6 В сынып оқушысы Конопатова Ирина орыс биін мың бұрала биледі.6 Г сынып оқушылары Калиева И., Зацепина Я., Эмре М. өздерінің тақпақтарын арнады. Соңында барлық флешмобқа қатысушылар қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биін биледі.
Флешмоб өте жоғары деңгейде, көңілді өтті. Флешмобты ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан барша сынып жетекшілері мен оқушыларға мың алғыс білдіреміз. 29 сәуір Халықаралық би күні – «барлық биді» біріктіруге қызмет етіп келе жатқан атаулы күн баршамызға құтты болсын. Билеп жүрейік, өмірге қуанып жүрейік!
#Әлем_халықтарының_билері
#Мектептің_өзін-өзі_басқаруы
#Өзін-өзі_басқару