«Мағжан мұрасы мәңгілік»
2023 жылдың 4 мамыр күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Мағжан мұрасы мәңгілік» тақырыбында Мағжан Жұмабаевтың туғанына -130 жыл толуын орай оқушыларға LED экраннан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетілді.
Мақсаты: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер, өмірі мен поэзия жанрындағы еңбектерінен мағлұмат беру. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау, ой-өрісін арттыру, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, сұраққа жауап беру, ойлау, шеберлігін дамыту. М.Жұмабаев шығармашылығын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, сұлулыққа, тәрбиелеу.
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша 8 «А» сынып оқушыларымен поэзия кеші ұйымдастырылды. Шараға оқушылар жақсы дайындықпен келгендерін жоғары деңгейде көрсете білді. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып қана қоймай, өлеңнің не туралы айтылғанын түсіндіре кетті. Өз ара пікір алмасу сұрақтарын қойды. Мағжанды қандай қырларынан тануға болады ?
Мағжан: Прозашы, аудармашы, ақын Абайдың ізбасары, лирик, поэмашы бес арыстың бірі. Мағжанды бүгін ақындық қырынан танытатын өлеңдері: «Жазғы таң», «Толқын», «Туған жер», «Сен сұлу», «Шолпы», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдері. Ал поэмашы қырынан «Қойлыбайдың қобызы»

