«Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы «Жасыл мекен» челленджі ұйымдастырылып өткізілді.
Бүгін 13.05.2023 жыл күні Астана уақытымен сағат 12:00 № 205 жалпы білім беретін мектепте «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасы аясында республика бойынша ағаштар мен бұталарды отырғызу, жасыл желектерді көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады. Мақсаты: Айналаны көгалдандыру мәдениетін насихаттау белсенділіктерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің тұрақты дамуына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Осы мақсатта мектебімізде 1-10 сынып оқушылары арасында “Мектепке 1 гүл” ЖАСЫЛ МЕКЕН атты акция ұйымдастырылды. «Жасыл мекен» челленджі оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. Оқушылар өз қолдарымен отырғызған гүл, көшеттерін күнде қамқорлықпен суғарып, баптау үстінде. Мектебіміздің ата -аналары да демалыс уақыттарында келіп бағбаншылық жасап, көгалдандырудың көркейуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар мектептің педагогикалық ұжымы мен қызметкерлері де осы іс -шараның басы қасында өз үлестерін қосып жатыр.
Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова








