Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылының аяқталуы 9 сынып түлектері үшін «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынның өткізілуін ұйымдастыру
31
мамыр
2023

2022-2023 оқу жылының аяқталуы 9 сынып түлектері үшін «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынның өткізілуін ұйымдастыру


Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова 2022-2023 оқу жылының аяқталуына қатысты өткізілген баспасөз мәслихатында мектептерде соңғы қоңырауға арналған салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты пікірін айтты. Ведомство өкілінің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, биыл мектептердегі оқу мерзімі 31 мамырда аяқталады. "Бұл күні әдеттегідей сабақ кестесіне сәйкес сабақ жүргізіледі. Сабақтың соңында әр сынып жетекшісі сынып сағатын өткізеді. Сынып сағатының сценарийлерін, жұмыс жоспарын мұғалім сыныптың жас ерекшелігін ескере отырып, дербес анықтайды. Сынып сағатының негізгі мақсаты - оқу жылын қорытындылау, алдағы уақытта ұзақ мерзімді жазғы демалыс кезеңіне бағдарлама беру. Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары туралы айтылу керек. Сынып сағатының маңызды бөлігі - отанды сүю, достық татулық, ел тарихын құрметтеу тақырыптарына арналатын болады"  Мектепте Соңғы қоңырау іс -шарасы осы жылы 1 маусым күні "Балаларды қорғау күніне" орайластырып, соның форматында өткізіледі. 1- маусым № 205 ЖББ мектеп ауласындағы алаңда сағат: 09.00де 9а,ә,б,в сыныптар үшін өткізіледі.  Мектеп ауласын безендіру жұмыстарын бақылау ДТІЖО Ж.Б.Амангельдиноаваға тапсырылады. Безендірілуі: ҚР-нің Мемлекеттік рәміздері, дауыс күшейткіш қондырғы, микрофон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, шардан безендірілген, түлектерге арналып шығарылған баннер, гүлдер. Музыкалық безендіру бойынша жауапты музыка пән мұғалімдері Б.Ж. Сабраев пен Ш.С. Баймахан жүктеледі. Мемлекеттік гимн; ұстаз, мектеп туралы әндер. Оқушыларды сап түзеуді реттеу АӘД мұғалімі Ә.Қанағатұлына міндеттеледі. Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты ДОІЖО Н.Ж.Жубанова және соңғы қоңырау іс -шарасын сценариін жазу ДТІЖО Ж.Т. Жетеноваға тапсырылады.