Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
12
маусым
2023

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

«Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасымен №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасы жыл бойы оқырмандармен бірлесе жұмыстар жасап, түрлі іс-шаралар өткізілді.  23 сәуір – Дүниежүзілік кітап сыйлау  күніне орай «Кітаппен бірге өсеміз» атты «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына  ата аналар да белсене қатысқан болатын. Томирис шағын ауданы, Центральная 1/7 үйдің тұрғыны  84 жастағы Нұрғазина Роза Күншайевна апамыз 30 кітабын кітапханаға сыйға беріп, 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айында ашылған мектебіміздің оқу-тәрбие үрдісінің жандануына, жас ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеруде  аянбай еңбек етіп жүрген, білім берудегі инновациялық үрдісті жетік меңгерген мектеп директоры Гүльнара Арыстановнаға  оқушыларға беріліп жатқан білім мен тәрбиеге өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Роза Күншайевна  Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің басқа да халықтарымен бірге қазақ халқы да әрі майдан даласын да, әрі тылда ерлік еңбектің ерен үлгісін көрсеткенін айта келіп, өзі де жас та болса тылда жұмыс істеп,  ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің баты­сына дейін тізе бүкпей еңбек еткенін әңгімелеп берді. Қазіргі таңда 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген аяулы ана, 12 немере, 2 шөберенің әжесі. Джекижан Афина, Джекижан Алина, Джекижан Диана есімді немерелері біздің мектептің үздік оқушылары. Ақ жаулықты анамызға бүгінгі ұрпақтың риза­шылығы шексіз екендігін айта келе, өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру біздің міндетіміз.