Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңашыл басшы – Ұжымға үлгі көшбасшы
23
тамыз
2023

Жаңашыл басшы – Ұжымға үлгі көшбасшы

        «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасы 2022-2023 оқу жылында оқырмандармен бірлесе жұмыстар атқарып, түрлі іс-шаралар өткізілді.  №205 жалпы білім беретін мектеп -берекесі мен бірлігі жарасқан ұжым десек артық айтқандық емес. Аз ғана уақыттың ішінде мектеп қазіргі таңда облыс, республика көлемінде өзін жан-жақты танытып үлгерді.  Мектеп директоры Гүльнара Арыстановна қазіргі заман талабына сай жаңашылдық пен оқу-тәрбие үрдісін үлкен шеберлікпен жүйелі түрде жүргізетін, ұйымдастырушылық қабілеті жылдар сынағында танылған, ұжымды жетістіктерге жетелеп жүрген көшбасшы.                                                                                                                                            

 Гүльнара Арыстановна білімді  де білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы бүкіл ұжымға үлгі. Осының бір көрінісі  2023-2024 оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп кітапханамызға өзінің оқыған 35 әдеби кітабын сыйға беріп, кітап қорын толықтыруға өз үлесін қосқандығына шексіз алғысымызды білдіреміз. 

Сөз соңында ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра- кітап екендігін, өткеннің рухы,  келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы осы кітапта жатқандығын айтқымыз келеді.