«Өнегелі отбасы- қоғам байлығы»


2023 жылдың 5-7 қыркүйек күні аралығында №205 жалпы білім беретін мектеп кітанапхасында «Өнегелі отбасы- қоғам байлығы» тақырыбында оқушыларға LED экраннан бейнероликтер көрсетілді.
Мақсаты: Балалардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру; ата-аналарын қадірлеп сыйлай білуге тәрбиелеу; балалардың өз отбасына деген мейірімділік сезімдерін ояту, ой өрісін дамыту; ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру, отбасы құндылықтарын құрметтеп дәріптеу.
Бейнероликтер көрсету барысында отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғалды. Қазақ халқының қалыптасқан салт - санасы, әдет дәстүрлері - ғасырлар идеологиясы. Олардың түсінік - нанымы әлемдік санамен ұласып, ғарыштармен ұштасып жататындығы айтылды.
«Отбасы- бақыт үйі» тақырыбында библиографиялық шолу жасалды.