Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ертегілер еліне саяхат»
28
қыркүйек
2023

«Ертегілер еліне саяхат»

2023 жылдың 28 қыркүйек күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында бастауыш сынып оқушылармен үзіліс кезінде кітап оқу ұйымдастырылды.                                                                                                             
Мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!