29
қараша
2023
«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов»
2023 жылдың 29 қараша күні кітапханада «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты тақырыпта оқушыларға кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылып, LED экраннан көрсетілді.
Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынов – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тілі білімі мен әдебиеттануының реформаторы. Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, «Алаш» партиясының, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист, түркі-танушы, әдебиеттанушы, ғалым, ақын, аудармашы, «Қазақ» газетінің (1913-1918) ұйымдастырушысы, әрі бас редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны (1872-1938) қазіргі Қостанай облысындағы, Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.
А.Байтұрсынов 1891 жылдары Қазақ жазуының бүгінгі күнгі Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» аясында латын әліпбиге көшеміз деген мақаласындағы латын әліпбиінің негізгі нұсқасын ұлттық болмысқа салып реформалаған 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.


