04
желтоқсан
2023
А. Байтұрсынұлы музей – үйі жетекшісі Райхан Сахыбекқызымен кездесу өтті.
2023 жылдың 29 қараша – Алаш қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Алматы қаласы, Алатау ауданы № 205 жалпы беретін мектепте филология ғылымының кандидаты, А. Байтұрсынұлы музей – үйі жетекшісі Райхан Сахыбекқызымен кездесу өтті.
Мақсаты: А. Байтұрсыновтың шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, отаншылдықты, алаш арыстарын дәріптеу. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркейуіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
А.Байтұрсынұлына арналған кездесудің оқушыларға және тыңдарман қауымға беретін танымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Ұлт көсемі А. Байтұрсынұлының қазақ халқының руханияты үшін жасаған еңбектері оқушыларға кеңінен насихатталды. Райхан Сахыбекқызы Ахмет атамыздың қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде ел үшін аянбай қызмет еткен ірі қайраткер, тарихта орны ерекше зор тұлға екенін атап айтты. Оқушылардың кеш қонағына сұрақтарын қойып өз ойларын білдірді. Кездесу соңы оқушылардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.



