15
желтоқсан
2023
“Ұмытылмас Желтоқсан” ардагерлерімен кездесу өтті.
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан - Тәуелсіздің күніне және Желтоқсан көтерілісінің 37 жылдығына орай мектепте желтоқсан ардагерлерімен кездесу өтті. Отан үшін, тәуелсіз ел болуымызға үлес қосып, батырлық пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің ерлігін оқушыларға таныстыра отырып, жас ұрпақтың санасына патриоттық сезімін арттыру мақсатында 15 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен “Ұмытылмас Желтоқсан” желтоқсан көтерілісінің күәгер ардагерлерімен кездесу мектеп кітапханасында өткізілді. Кездесуге Байтулекова Саяна Несипказиқызы, Камилов Талгат ағамыз, Досанова Фатима, Қалиев Серік ағамыз бен Даулетова Гүлнара Арыстанқызы шақыртылды. Жас ұрпақ тағылым алар шараға «Желтоқсан көтерілісінің» куәгерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, сүбелі сұхбат берді. Кездесу соңында мектеп директоры Г.А.Даулетова Желтоқсан оқиғасының куәгерілеріне алғыс айтып, Тәуелсіздіктің құндылықтары туралы айта келіп, тәуелсіздік жолындағы күрестің жалғасы ретінде мектеп шәкірттерін білімнің биік тұғырынан көрінуге шақырды. Желтоқсан күәгерлері оқушыларымызға сан ғасырлар бойы келе жатқан халқымыздың арманы, үкілі тілегі – қазақ боп қалыптасқан, тарих ізімен, осынау уақыт аралығында ұлттық мақсаты айқындалған, қадір-қасиетімен астасқан ұраны бар тәуелсіз ел атану екендігін оқушыларға айтып өтті.
https://www.instagram.com/p/C03VEXmsrFE/?utm_source=ig_web_copy_link


https://www.instagram.com/p/C03VEXmsrFE/?utm_source=ig_web_copy_link

