Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сүйікті ұстазымен кездесу
02
қазан
2025
Сүйікті ұстазымен кездесу
« Сүйікті ұстазымен кездесу: Оқушыларына алма тарату» 4 «Ә» сынып жетекшісі: Айсаутова Сагыныш Абаевна оқушыларын жылы лебізбен қарсы алып, әрқайсысын құшақтап, алма берді. Бұл алма тарату мен құшақтың қимылы- оқушылардың көңіл - күйін көтеріп қана қоймай, керемет эмоция сыйлады және ұстаздың оқушыларына деген қамқорлығын, құрметін, және сүйіспеншілігін білдірді. Мұғалім сөзсіз : «Сен маңыздысын, сені көргеніме өте қуаныштымын» - деп айтатының білдіреді. Бұл бейне шын мәнінде қамқор, мейірімді
9-10 сынып «NarcoSTOP» жобасының өкілімен кездесу
26
қыркүйек
2025
9-10 сынып «NarcoSTOP» жобасының өкілімен кездесу
9-10 сынып «NarcoSTOP» жобасының өкілімен кездесуБүгін 28.09.2025ж. Ақпараттық ресурстық ортал6қ қоғамдық қоры Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен мектебімізде 9-10 сынып оқушыларымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша  «NarcoSTOP» жобасының өкілі  аддиктолог Е.Б. Тажибаев  дәріс өткізді.    Мақсаты:денсаулықты сақтау дағдысын қалыптастыру және жасөспірімнің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру. Бірінші кезеңінде салауатты өмір салты насихатталған
KitapFest 2025
20
қыркүйек
2025
KitapFest 2025
2025 жылдың 20–21 қыркүйек күндері Алматының Арбаты кітап, шығармашылық және қарым-қатынас алаңына айналды. Екі күндік шараға 60 000-нан астам қонақ, мыңдаған кітаптар, авторлармен кездесулер, жарқын фотозоналар, квесттер және әдеби кейіпкерлердің театрландырылған бейнероликтері ұсынылды. Фестиваль қала тұрғындарына шынайы әдеби демалыс сыйлады. Бұл вестивальға №205 мектеп оқушылары ата – аналарымен барды. Фестиваль барлық жас оқырмандарды біріктіріп, онда оннан астам шығармашылық кездесулер
Ата - аналар жиналысы
17
қыркүйек
2025
Ата - аналар жиналысы
📌 Ата-аналар жиналысы Бүгін мектебімізде оқушылардың денсаулығын қорғау мақсатында адам папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакцинация туралы ата-аналарға ақпараттық жиналыс өткізілді. Жиналыста: ✔️ Вакцинацияның маңызы мен пайдасы түсіндірілді; ✔️ Дәрігер мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап берді; ✔️ Балалардың денсаулығын сақтауда ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы талқыланды. 👩‍👩‍👦 Балаларымыздың денсаулығы – болашағымыздың кепілі!
Кітапханаға саяхат
16
қыркүйек
2025
Кітапханаға саяхат
«Кітапханаға саяхат»  тақырыбында  1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Кітапханашы оқушыларға кітапхана ішімен, қызықты ертегі кітаптармен таныстырды.         Мақсаты: 1 сынып оқушыларын кітапхана өмірімен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. 1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, оқырманымыз ретінде қабылданды. Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды.
205 мектеп жетістіктері
11
қыркүйек
2025
205 мектеп жетістіктері
«Арман қала – Алматы» атты ән байқауының аудандық кезеңінде №205 мектептің оқушысы Абдуала Асылым өнер көрсетіп, ІІІ орынға ие болды. Оқушының шығармашылық жетістігіне бағыт-бағдар беріп, дайындық жұмыстарына жетекшілік еткен ұстазы Баймахан Шұға Сапарбекқызына алғыс білдіріледі.
«Дені сау ұрпақ»
11
қыркүйек
2025
«Дені сау ұрпақ»
📌 Бүгін мектебімізде «Дені сау ұрпақ» тақырыбында ата-аналарға арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесу барысында балаларды ерте жастан дамыту жолдары мен денсаулықты сақтау шаралары талқыланды. Мамандар ата-аналарға пайдалы кеңестер беріп, салауатты өмір салтының бала болашағы үшін маңызына тоқталды. 👨‍👩‍👧‍👦 Шара ата-аналарға бағыт-бағдар беріп, баланың жан-жақты дамуына ықпал етті. #ДеніСауҰрпақ #АтаАнаменКездесу #СалауаттыӨмір #МектепІсШарасы
«Кітапхана-табыс аумағы» өңірлік акция
10
қыркүйек
2025
«Кітапхана-табыс аумағы» өңірлік акция
№205 ЖББ мектептің бастауыш буынында оқитын 1”Г”, 3” Б” сыныбының оқушыларымен Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №44 филиалына экскурсия жасалынды. Экскурсия барысында балалар қызықты кітаптармен танысып, балалардың кітапхана туралы ой- өрістері дами түсті.Кітап оқуға құштарлықтары жаңа леппен ашылды. 
Семинар: «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
09
қыркүйек
2025
Семинар: «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
Семинар: «Отбасы – тәрбиенің алт ын бесігі» Мектебімізде психологтардың ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында мамандар ата-аналарға психологиялық кеңестер беріп, тәрбиенің түрлі тәсілдері мен әдістерін талқылады. Сонымен қатар, ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Жат ағымдар – экстремизмнің қаупі
09
қыркүйек
2025
Жат ағымдар – экстремизмнің қаупі
🛑 Жат ағымдар – экстремизмнің қаупі 🛑 Жастардың санасын улайтын жат ағымдар қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Олар: ✔ ұлттық құндылықтарымызға қарсы шығады; ✔ білімсіздікті пайдаланады; ✔ алдаушылықпен өз қатарына тартады. ⚠️ Сондықтан әрбір жас: Дін туралы ақпаратты тек ресми дереккөзден алуы, Сала мамандары мен ұстаздардың кеңесіне жүгінуі қажет. 👉 Еліміздің болашағы – салауатты ойлайтын, бейбіт өмірді бағалайтын жастардың қолында! 🇰🇿 #ЖатАғым #ЭкстремизмгеЖолЖоқ #БейбітЕл