«Тәуелсіздіктің бастауы -Желтоқсан» тақырыбында кездесу кеші
2022 жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің бастауы -Желтоқсан» тақырыбында кездесу кеші өтті. Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған жандармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.