"Әр бір бала - бір тұлға"
«Өзің лаулап тұрсаң ғана, өзгеге от бере аласың»,- деген жазушы ағамыз Әзілхан Нұршайықовтың сөзі №205 жалпы білім беретін мектеп директоры Даулетова Гүлнара Арыстановнаға арналып айтылғандай. Білімді маман, білікті басшы Гүлнара Арыстановна ғылым мен техниканың шарықтау шегіне шыққан бүгінгі заманауи білім жүйесінің талабына сай жұмысты жаңаша ұйымдастырып отырған көшбасшы. Ең бірінші ұстаздардан жан-жақты білімді, іскер, талғамы биік, жаңашылдыққа жаны құмар болуын талап етеді.