Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қыста оқы, ойлан, арманда
05
қаңтар
2026
Қыста оқы, ойлан, арманда
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында  сынып жетекшілер   2025-2026 оқу жылының        29 желтоқсан – 7 қаңтар аралығында оқушылармен   қысқы демалыс кезінде  «Қыста оқы, ойлан, арманда»   тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырды. Оқушылар өздері оқыған әдеби кітаптарға бейнеролик түсірді.       Мақсаты: Қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының бос уақытын пайдалы өткізу.
Жана әдеби кітаптар
26
желтоқсан
2025
Жана әдеби кітаптар
         №205 ЖББ мектеп   кітапхана қорына Алатау аудандық білім бөлімінен «Алматыкiтап», «Macmillan Education», «foliant», «Келешек-2030»,  баспаларынан  әдеби кітаптар берілді.                 Мақсаты: Оқушыларды оқулықтар мен әдеби кітапты құрметтей білуге,  оларды ұқыпты ұстауға баулу. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Әдеби кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Әдеби кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Көркем әдебиеттер мен оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Таза кітап
25
желтоқсан
2025
Таза кітап
2025 жылдың  24-25 желтоқсан күні аралығында  мектеп кітапханасының                2025-2026 оқу жылына арналған жылдық  жоспарына сәйкес                                      1-11 сыныптар бойынша «Таза кітап» тақырыпта рейд жүргізілді.  Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.  Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Дені сау ұрпақ–ел болашағы
19
желтоқсан
2025
Дені сау ұрпақ–ел болашағы
2025 жылдың 19 желтоқсан күні кітапханада «Дені сау ұрпақ–ел болашағы» тақырыбында оқушыларға  LED экраннан бейнероликтер көрсетілді.   Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін, дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін түсіндіру. Денсаулық – жеке адамның басты байлығы. Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Денсаулық деген сөз – денінің саулығы деген мағынаны білдіреді. 
Тәуелсіздік тұғырым
17
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік тұғырым
Мектеп кітапханасында 17 желтоқсан күні 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исламбекова Ақтоты Бекмұратқызы 7,8,9  сынып оқушыларымен мәнерлеп оқу ұйымдастырды.       Мақсаты: Оқушыларды туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу; оқырмандарды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама
Балалар кітапханасы
09
желтоқсан
2025
Балалар кітапханасы
       2025 жылдың 9 желтоқсан күні  кітапханада  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  «Кеңес одағының батыры» Бауыржан Момышұлының   туғанына  115 жыл  толуына орай Қоғам қайраткері, жазушы Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер»  шығармасы бойынша  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Баянова Фариза Есқайыпқызы   8 сынып  оқушылар арасында  буктрейлер ұйымдастырды.        Мақсаты:   Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітабын оқушыларға таныстырып, шығарманың адамгершілік құндылықтарға,
Адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби
05
желтоқсан
2025
Адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби
    2025 жылдың 5 желтоқсан күні  кітапханада  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  Әбу-Насыр Әл-Фараби – әлемге әйгілі ойшыл, философ, физик, социолог, математик, туғанына  1155 жыл  толуына орай  «Адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі  Бадан Айнұр Зарлықанқызы  8 сынып  оқушыларымен  әңгімелер циклын өткізді.  Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірімен таныстыру. Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
Алты алаштың ардағы Міржақып Дулатовқа 140 жыл
28
қараша
2025
Алты алаштың ардағы Міржақып Дулатовқа 140 жыл
    2025 жылдың 28 қараша күні  кітапханада  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  Алты алаштың ардағы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай  « Міржақып Дулатовтың рухы мәңгілік! » тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі  Магзиева Қарахат Әділхановна   8 сынып  оқушыларымен танымдық сабақ  өткізді.  Мақсаты:  Оқушыларға Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын, ұлт-азаттық қозғалысына қосқан үлесін және қазақ халқы үшін қалдырған мәңгілік мұрасын үлгі ету.
Абайдың асыл мұрасы
27
қараша
2025
Абайдың асыл мұрасы
2025 жылдың 27 қараша күні  Қазақ және әлем әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Алатау ауданы мектептерінің  5-6 сынып оқушылары арасында өткен  « Абайдың асыл мұрасы »   Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы   №217 ЖББ мектеп базасында өтті. «Көңілім әнді ұғады» Абай әндерін жанды дауыста орындау 2- кезеңінен №205 ЖББ мектебінің 6 «В» сынып оқушысы Дауренова Мөлдір Дархан қызы «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап,  III дәрежелі дипломмен марапатталады.