Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқулығыңның жайы қалай?
25
қараша
2025
Оқулығыңның жайы қалай?
      2025 жылдың  24-25 қараша күні аралығында  мектеп кітапханасының 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық  жоспарына сәйкес 1-11 сыныптар бойынша «Оқулығыңның жайы қалай?» тақырыпта рейд жүргізілді.          Мақсаты:  Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.  Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
«Оқитын ұлт» жобасы
20
қараша
2025
«Оқитын ұлт» жобасы
«Оқитын ұлт» жобасы аясында 20 қараша күні А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Оқитын ұлт: Кітап клубы» атты интеллектуалдық-шығармашылық батлдың шешуші кезеңі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. ✨ Батл қазақ әдебиетінің бүгінгі сөз зергері Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» туындысы негізінде өткізілді. Шараға №182 мектеп-гимназия, №57 жалпы білім беретін мектеп, №161 Ж. Жабаев атындағы лицей, №147 гимназия, Абай ұлттық мектеп,
Шоқан асулары
20
қараша
2025
Шоқан асулары
2025 жылдың 20 қараша күні  кітапханада  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  Шығыстану, тарихшы, фольклоршы, этнограф, ағартушы-  Шоқан Уәлихановтың 190  жылдығына орай тарих пәні мұғалімі  Өтегенов Асанәлі Дарханұлы 10 сынып оқушыларына танымдық сабақ өткізіп,  С.Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабына талдау жасады.  Мақсаты: С.Бегалиннің шығармашылығы туралы мағлұматтар беру.     Шығарма кейіпкері ұлы ғалым Шоқан бейнесін ашу. Оқушыларға өзінше ой қорыта алуға, қосымша ақпараттарды қолдана
Балалар әдебиетінің бәйтерегі
19
қараша
2025
Балалар әдебиетінің бәйтерегі
2025 жылдың 19 қараша күні  кітапханада  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Сапарғали Бегалиннің  130  жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Өсенбаева Мерует Тұрсынқызы  «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында өлеңдерін  мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу. Оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту. Сапарғали Бегалиннің  
«Оқитын ата-ана, оқитын бала
11
қараша
2025
«Оқитын ата-ана, оқитын бала
Отбасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және ата-аналардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқитын ата-ана, оқитын бала» тақырыбында ата-аналардың сауаттылығы сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналарға балалардың оқу дағдыларын дамытудағы отбасының рөлі, үй жағдайында кітап оқуға ынталандыру жолдары және мәтінмен тиімді жұмыс жасау тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы бірлескен оқу тәжірибесінің маңызы атап өтілді.
Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі-М.Ғабдуллин
11
қараша
2025
Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі-М.Ғабдуллин
2025 жылдың 11 қараша күні  кітапханада  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  Кеңес одағының батыры Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай  «Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі-М.Ғабдуллин» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі  Шуланова Гүлсім Шариқызы  4 «Б» сынып оқушыларымен әңгімелер циклын өткізді. Оқушыларға Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолдарын, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігін, қайсарлығын әңгімелеп берді. Мақсаты: Ұлт қаһарманы, ғалым,
«Барлық пәндер арқылы оқу»
10
қараша
2025
«Барлық пәндер арқылы оқу»
«Барлық пәндер арқылы оқу» сабақ жүйесі - білім алушылардың оқу, түсіну, талдау және мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын барлық оқу пәндерінде кешенді дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық тәсіл болып табылады. Бұл қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті пәндерін оқыту негізінде жүргізіледі. 
«Тіл – достықтың алтын көпірі» атты поэзия сағаты
06
қараша
2025
«Тіл – достықтың алтын көпірі» атты поэзия сағаты
«Тіл – достықтың алтын көпірі» атты поэзия сағаты мазмұнды әрі әсерлі өтті. Іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері ана тіліміздің құдіретін жырға қосып, қазақ ақындарының тіл туралы терең мағыналы өлеңдерін №205 ЖББ мектеп оқушылары мәнерлеп оқыды. Поэзия сағатының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілімізге деген құрметті арттыру, жастардың поэзияға және рухани құндылықтарға деген қызығушылығын ояту, тілдің қоғамдағы рөлін насихаттау болды. Іс-шара барысында тіл жанашырлары мен ұстаздар өз
«Оқитын ұлт» жобасы
06
қараша
2025
«Оқитын ұлт» жобасы
«Оқитын ұлт» жобасы аясында 6 қараша күні Алатау Креатив Хаб кітапханасында «Оқитын ұлт: Кітап клубы» атты интеллектуалдық-шығармашылық батлдың бірінші кезеңі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. ✨Батл қазақ әдебиетінің бүгінгі сөз зергері Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» туындысы негізінде өткізілді. Шараға №182 мектеп-гимназия, №57 жалпы білім беретін мектеп, №161 Ж. Жабаев атындағы лицей, №147 гимназия, Абай ұлттық мектеп, сондай-ақ №205 жалпы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
06
қараша
2025
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
    2025 жылдың 6 қараша күні  кітапханада  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  9 «А»,  9 «Ә» сынып оқушыларымен   «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»   тақырыбында сайыс өткізілді. Сайысқа оқушылар белсене қатысып,                                өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің асыл мұраларымен таныстыру; Мақал-мэтелдер мен жұмбақтардың мағынасын ұғындыру; Тіл байлығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту; Ұлттык құндылыктарға, тапқырлық пен