04
сәуір
2023
"1 сынып-1 ағаш" акциясы
Қазақтың «Тал ек гүл ек, Туған жерді түлет!», «Бір тал кессең, Он тал ек» – деген секілді түрлі жас ұрпақтың табиғатты аялауына, қадірлеуіне, көркейтуіне септігін тигізуіне айтылған түрлі мақал-мәтелдерді айта келе #205ЖББМ 1 "Ә" сынып оқушылары мен ата-аналары сәуір айында "1 сынып-1 ағаш" акциясына белсене ат салыса қатысып, мектеп ауласына гүлдер егіп, өз септіктерін тигізді. Олардың әрқайсысы бұл істі «Табиғат ана алдындағы міндетіміз», деп санайды. Әрине, бұл сөздер көңіл қуантады.





