Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Зерде», «Дарын» ғылыми жұмыстарының қорытындысы
29
желтоқсан
2023

«Зерде», «Дарын» ғылыми жұмыстарының қорытындысы

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас  ұрпақты   тәрбиелеу – алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар –ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Жас жеткіншектердің арасынан талантты да дарынды, ерекше қабілетті балаларды таңдап алу, олармен тікелей жұмыс жүргізу – осы  мәселенің бір шешімі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас  ұрпақты   тәрбиелеу – алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар –ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Жас жеткіншектердің арасынан талантты да дарынды, ерекше қабілетті балаларды таңдап алу, олармен тікелей жұмыс жүргізу – осы  мәселенің бір шешімі болып табылады.

2023-2024 оқу жылындағы №205 ЖББМ оқушыларының «Зерде» жобасының қорытындысы бойынша 14 оқушы қатысып, І жүлделі орынды ағылшын тілі пәнінен 7 сынып оқушысы Талипбай Балнұр иеленді. ІІ орынды Нұрсағат Асылжан Дәулетқызы химия пәнінен, Алдеке Айзере тарих пәнінен иеленді. Ал ІІІ орынды Цай Владислав Юрьевич, Амангельдиев Жанали, Жұмахан Мәді, Чалак Мұхаммад,Спиридонова София, Кадиржанқызы Томирис, Жеңісбекқызы Аймира иеленді.  Артықбай Айзере Айбекқызы, Тоқтарғазина Айару Мұратбекқызы, Нұрболқызы Асыл, Тұрарбек Мейірімжан қатысушы сертификатымен марапатталды.