2024 жылдың 2 мамыр күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы
2024 жылдың 2 мамыр күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, Ілияс Жансүгіровтың өмірбаянымен таныстырылды. Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады,