26
желтоқсан
2025
К Сәтбаев университетіндегі робототехника іс-шарасы

К Сәтбаев университетіндегі робототехника іс-шарасыСәтбаев университетінде өткен ірі робототехника бағытындағы іс-шараға мектебіміздің оқушылары қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара барысында оқушылар робототехника саласындағы заманауи жобалармен танысып, тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға оқушыларды жетекші мұғалім – Кожанова Жанар Ауелбековна бастап барды. Белсенді қатысқаны және жоғары нәтиже көрсеткені үшін оқушылар сертификаттармен, ал жетекші мұғалім алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Бұл іс-шара оқушылардың техникалық ойлауын дамытуға, инженерлік бағытқа қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар алуға үлкен мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да осындай білімдік әрі танымдық іс-шараларға белсенді қатысу жоспарлануда.