Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақ сапасын бақылау мониторингі
29
қыркүйек
2023

Тамақ сапасын бақылау мониторингі



Анықтама №1


№205 ЖББ мектебі бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  комиссиясысы  2023 жылдың 29 қыркүйек күні тамақтану сапасына мониторинг жұмысын жүргізді.


Қатысқан тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  комиссиясы:

  1. Г.А. Даулетова–мектеп директоры/
  2. Ж.Т. Жетенова - диретордың тәрбие жөніндегі орынбасары
  3. Т.Таубазарова - мектеп мед.бикесі
  4. Г.С.Тургамбаева – директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары 
  5. Н. Төкебай - әлеуметтік педагог
  6. З. Абилова –  қамқоршы кеңесінің төрағасы 
  7. А.Ш. Бишарова - ата–ана

Мектеп асханасына мониторинг жүргізу барысында анықталғаны:

Биылғы оқу жылында тегін тамақтануға құқығы бар барлық оқушылар қамтылған.

Асхана санитарлық нормаға сай, іші таза, асхана бұрышы, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру стендісі шығарылған. Тамақтану тәртібі, асхана кезекшілері кестесі, пікірлер журналы салынған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  мектеп оқушыларының тағам рационының бірыңғай стандартынан алынған төрт апталық ас мәзіріне сәйкес күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітіліп, ілінген. Ас мәзірінде жас ерекшелігі мен нормасы көрсетілген, оқушыға берілген тамақ нормаға сай салынған, Кезекшілері бар.

Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Асханадағы барлық құрал-жабдықтар жарамды.

Тоңазытқышта тұрып қалған тағамдар жоқ, іші таза. Барлық тағамдардың сақтау мерзімі жарамды. Нормативтік нормаларға сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдері жоқ. Көкініс сақтайтын орындар бар, таза. Жеткізілген тағамдар жеке полкілерге қойылған, артық нәрсе жоқ.

Ыдыстарды дезинфекциялау мен жуу санитарлық-гигиеналық талаптарды толық сақтай отырып жүзеге асады, ыдыс-аяқтар жаңартылған.

Мектеп медбикесі асхана қызметкерлерін күнделікті тексеріп терінің іріндеу, тұмау, ангина сияқты аурулары бар-жоғын анықтап, қызметкерлерді жұмысқа жіберуге рұқсат етуді тіркеу журналына тіркеп отырады.  Қызметкерлерде іріңді аурулар және шағын жарақаттар анықталған жоқ.


Комиссия қорытындысы:

  1. Ас көлемінің дұрыс салынуы, дайын ас шығымы тексеріліп отырылсын.
  2. Асхана жұмысы комиссия тарапынан үнемі қадағалансын.