Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақ сапасын бақылау мониторингі
27
қазан
2023

Тамақ сапасын бақылау мониторингі



Анықтама №2

№205 ЖББ мектебі бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  комиссиясысы  2023 жылдың 27 қазан күні тамақтану сапасына мониторинг жұмысын жүргізді.


Қатысқан тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  комиссиясы:

  1. Г.А. Даулетова–мектеп директоры/
  2. Ж.Т. Жетенова - диретордың тәрбие жөніндегі орынбасары
  3. Т.Таубазарова - мектеп мед.бикесі
  4. Г.С.Тургамбаева – директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары 
  5. Н. Төкебай - әлеуметтік педагог
  6. З. Абилова –   қамқоршы кеңесінің төрағасы 
  7. А.Ш. Бишарова - ата–ана


Мектеп асханасына мониторинг жүргізу барысында анықталғаны:

Асхананың іші таза, қол жууға майлық қойылған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  мектеп оқушыларының тағам рационының бірыңғай стандартынан алынған төрт апталық ас мәзіріне сәйкес күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітіліп, ілінген. Ас мәзірінде жас ерекшелігі мен нормасы көрсетілген, оқушыға берілген тамақ нормаға сай салынған, Кезекшілері бар.

Ыдыстарды дезинфекциялау мен жуу санитарлық-гигиеналық талаптарды толық сақтай отырып жүзеге асады, ыдыс-аяқтар таза жуылған. 

Мектеп медбикесі асхана қызметкерлерін күнделікті тексеріп, аурулары бар-жоғын анықтап, қызметкерлерді жұмысқа жіберуге рұқсат ету журналына тіркеп жазған.    Қызметкерлерде шағын жарақаттар анықталған жоқ.

Тамақтары дәмді. Берілген тағамдар ас мәзіріне сәйкес келеді.


Комиссия қорытындысы:

Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай. Асханадағы  тазалық ережелерінің нормалары сақталған. Азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Бекітілген мәзір бойынша  дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде.


Ұсыныс:

  1. Асхана жұмысы комиссия тарапынан үнемі бақылауда болсын.
  2. Асхана тазалығы, дайын тағамдар сапасы, күнделікті сынама алу қадағалансын.