Бракераж комиссиясы асханасының жұмысына тұрақты түрде бақылауды қамтамасыз ету
№205 ЖББМ асханасына тамақтану сапасын бақылау бракераж комиссия мүшелері тексеру жүргізді.
Комиссия құрамында:
Мектеп директоры: Даулетова Г.А
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Таипова А.Р
Әлеуметтік педагог: БерекетА:Е
Мектеп медбикесі: Таубазарова Т.К
Ата-ана комитетінің мүшесі: Мухсинова М.М, Қозыбақова Б
1"Г" сыныптың ата-анасы: БерикбаеваТолкынай Дидаровна
25.09.2026 жылы мектеп асханасында тамақтану сапасына тексеру жүргіздік.
Тексеру барысында келесі ас мәзірі ұсынылды:
1.Нарын
2.Кептірілген жемістер қоспасынан жасалған компот
3.Қара бидай-бидай наны
Тексеру барысында тағамдардың дайындалу технологиясы, санитарлық талаптардың сақталуы, тағам сапасы және порция мөлшері қаралды.
Комиссияның тексеру нәтижесі бойынша:
Ұсынылған тағамдардың сапасы жақсы.
Тағамдар талапқа сай дайындалған.
Дәмі жақсы, балаларға беруге толық жарамды.
Порция мөлшері білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.
Қорытынды:
Мектеп асханасында дайындалған тағамдар белгіленген талаптарға сәйкес келеді, сапасы жақсы және дәмді.
Сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғары буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталған.
Буфетте талапқа сай тағамдар сатылады.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.

