Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Каникулда кітап оқимыз»
28
наурыз
2024
«Каникулда кітап оқимыз»
 2024 жылдың 21-31 наурыз күні аралығында №205 жалпы білім беретін мектептің 2-11сынып оқушылары үшін «Каникулда кітап оқимыз» атты республикалық марафон өткізілуде.  Сынып жетекшілер 2-11 сынып оқушыларының каникулда кітап оқуы мен марафонға қатысуын ұйымдастырды.                                                                                Мақсаты: Оқушылардың  көркем  әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын  арттыру.
«Наурызым – нұрлы ырысым»
19
наурыз
2024
«Наурызым – нұрлы ырысым»
 2024 жылдың 19 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында кітапханашылар «Наурызым – нұрлы ырысым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Кітапханада өткен шараға 4 «Ғ» сынып жетекшісі Шегирова Дина үлкен дайындықпен оқушыларын қатыстырды.   Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаңғырта отырып еске түсіру, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.   Шара барысында 4 «Ғ» сынып
«Өнерлі бала – Ұрпақ болашағы» Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл
14
наурыз
2024
«Өнерлі бала – Ұрпақ болашағы» Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл
 2024 жылдың 14 наурыз күні кітапханада кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сурет әлемінің майталманы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Өнерлі бала –Ұрпақ болашағы» тақырыбындағы 5 сынып оқушылар арасында сурет салудан сайыс өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туындаған шығармаларымен таныстыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық
«Менің атым Қожа» шығармасынан қойылым
13
наурыз
2024
«Менің атым Қожа» шығармасынан қойылым
13 наурыз күні кітапханада 5 сынып оқушылары «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша кейіпкерлеріне қойылым қойды. Атап айтсақ  5 «А» сынып оқушылары Қожаның мекттептегі іс-қимылын жақсы сомдап шыққты.    Іс-шараға жоғары деңгейде оқушыларын дайындаған сынып жетекшісі Садибекова Назираға алғыс білдіреміз. Мақсаты: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
«Елім деп соққан жүрегі»
11
наурыз
2024
«Елім деп соққан жүрегі»
 2024 жылдың 11 наурыз күні кітапханада ұлт зиялысы Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Елім деп соққан жүрегі» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді. Сонымен қатар LED экраннан бейнероликтер көрсетіліп, Тұрар Рысқұловтың өмірбаянымен таныстырылды.  Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың мақтан тұтар тұлғаларының бірі Тұрар Рысқұловтың өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету. Қазақ халқының тарихи тұлғалары,
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
07
наурыз
2024
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
       2024 жылдың 28 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челлендж өткізу барысында Астана қаласы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабын Алматы қаласының мектептеріне оқуға ұсынылған кітап бойынша бір айлық атқарылатын іс-шара жоспарын жасап, оқушылар «Менің атым Қожа» кітабын оқыды. 4-7 наурыз күндері аралығында бастауыш сынып оқушыларына «Менің атым Қожа» тақырыбында кітапханада LED экраннан бейнероликтер көрсетіліп, шығармадағы
«Алғыс айту - парызым»
01
наурыз
2024
«Алғыс айту - парызым»
 2024 жылдың 1 наурыз күні кітапханада «Алғыс айту - парызым» тақырыбында оқушыларға LED экраннан бейнероликтер көрсетіліп, Алғыс сөздің адам өмірінде алатын орны ерекше екендігі кеңінен түсіндірілді.   Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні
«Кітап – мәңгілік парасаттың киелі»
27
ақпан
2024
«Кітап – мәңгілік парасаттың киелі»
2024 жылдың 27 ақпан күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Кітап – мәңгілік парасаттың киелі» тақырыбында 4 «Д» сынып және 6 «А» сынып оқушыларымен  оқу күні ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары Қазақ ертегілерін қызыға оқыды. Қазақ ертегілер жинағына қазақ халқының аузында сақталып қалған, өзінше өңделген, өзгертілген ертегілер енген. Жинақ үлкен бес бөлімнен тұрады. «Қиял-ғажайып ертегілер», «Хайуанаттар туралы ертегілер», «Тұрмыс-салт ертегілер», «Аңыз ертегілер»,
«Бір аймақ – бір кітап»
22
ақпан
2024
«Бір аймақ – бір кітап»
2024 жылдың 22 ақпан күні кітапханада «Бір аймақ – бір кітап» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен  әдеби сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға туған жерге, елге деген махаббатын оятып, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа   өскен жерінің әдеби мұрасын таныту. Кітап - адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Кітап білім мен тәрбие құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше ықпалға ие. Әдеби шығарма оқу тек қана оқу емес, ол өзіңді - өзің тәрбиелеу, парасаттылыққа апарар жол іздеу.
Республикалық Челлендж 9 айға 9 шара : «Оқуға құштар мектеп»
21
ақпан
2024
Республикалық Челлендж 9 айға 9 шара : «Оқуға құштар мектеп»
«Біртұтас тәрбие беру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте «Окуға Құштар мектеп» челленджі өтуде МАҚСАТЫ: БІЛІМНІҢ КІТАП АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІНІН, АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ,ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ПАЙДАСЫН ТҮСІНДІРУ, КІТАПҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ, БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҒЫН ОЯТУ,КІТАПТЫ ТАЗА ҰСТАУҒА,ТАЗАЛЫҚҚА, МЕЙІРІМДІЛІККЕ БАУЛУ, ТӘРБИЕЛЕУ.